05 шілде 2023 09:41

Қазақстанда ЖКО кезінде сақтандыру төлемдерін алу процесі жеңілдетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

ІІМ Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-мен бірлесіп, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандыру компанияларына жол-көлік оқиғалары туралы материалдарды онлайн-беруді іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайын мыңдаған азамат жол апаты туралы материалдардың көшірмелерін алу үшін алдымен полицияға жүгініп, содан кейін сақтандыру компанияларына құжаттар тапсырып, осылайша көп уақыт жұмсайды.

Қазір бұл процесс полиция, прокуратура және сақтандыру компанияларының дерекқорларын біріктірудің арқасында автоматтандырылған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде полиция қызметкері толтырғаннан кейін хаттама тексеруден өту үшін базаға түседі. Содан кейін ол автоматты түрде сотқа және сақтандыру компаниясына жіберіледі.

Азамат сақтандыру компаниясына келген шығынды бағалау үшін ғана жүгінуі қажет және сотқа шақыртумен SMS күтуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети