30 маусым 2020 11:24

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өлгендерді жерлеу тәртібі маңызды болып қала береді. Қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез келген зираттарда көмуге рұқсат етіледі", - деді министр.

Сондай-ақ, ол коронавируспен ауыратын науқастардың таралуы өсіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 30 маусымда 40 мыңға жуық науқас тіркелген. Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр дейді.

Еске салайық, мұның алдында денсаулық сақтау министрі Тоқаевқа коронавируспен күрес бойынша 10 шараны ұсынған болатын.

Сондай-ақ, министр Қазақстандағы коронавирус бойынша жағдайға болжам жасады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети