27 наурыз 2024 11:47

Қазақстанда криптовалюта айналымын құрушылар ұсталды: миллион доллар тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті криптовалютаның заңсыз айналымын іске асырған екі азаматқа қатысты соталды іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті криптовалютаның заңсыз айналымын іске асырған екі азаматқа қатысты соталды іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай қаласында криптовалюта платформасында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырған, аса ірі көлемде кіріс алумен байланысты аталған тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік әрекеттерінің жолы кесілді.

"Клиенттерді енгізу және тарту үшін олар криптовалюта алмасу веб-сайтын жасады, ол арқылы кез келген адам криптовалюта айырбастауына өтініш бере алады.

Аталған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз әрекетті растайтын заттар: жүйелік блоктар, ноутбуктер, криптовалюта биржаларының қосымшалары бар ұялы телефондар, криптовалюта айырбастау пунктінің сайты, сондай-ақ логин және криптовалюта биржасында шоттың құпия сөзі жазылған құрылғы табылды", - делінген хабарламада.

Күдіктілердің мүлкі мен криптовалюта шотындағы қаражат тәркіленген.

"Кепілсіз цифрлық активтерді сатудан түскен заңсыз кіріс шамамен 1 миллион 350 мың АҚШ доллар болған. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астана қаласында АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді", - делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети