29 желтоқсан 2023 16:09

Қазақстанда күріш, нан, сүт және жұмыртқа бағасын реттеу тоқтатылмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын мемлекеттік реттеуден кезең кезеңімен бас тартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстан үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын мемлекеттік реттеуден кезең кезеңімен бас тартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

"2024 жылдың 1-жартыжылдығына қарай ӘМАТ-қа шекті бағаларды енгізу тетігінен отандық өндірістің тұрақты 100 пайыз байқалатын 9 азық-түлік тауары (тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп, тауық жұмыртқасы (1-санат) бойынша бас тарту жоспарланған", - делінген хабарламада.

Кейін 2025 жылдың 1 жартыжылдығына қарай 10 азық-түлік тауары (асханалық сәбіз, пияз, ақ қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), жұмсақ қаптамада майлылығы 2,5 пайыз айран, сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 пайыздан кем емес, толықтырғышсыз және өсімдік майлары жоқ), сүзбе (майлылығы 5-9 пайыз), ақ қант-құмшекер) бойынша ӘМАТ шекті бағаларын енгізу тетігінен толық бас тарту жоспарланған, олар бойынша импорт алмастыру шамамен 100 пайыз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети