29 желтоқсан 2021 15:18

Қазақстанда мемлекеттік қызметке жастар мен әйелдерді жұмысқа алу ұсынылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жастарды, әйелдерді және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа алуға міндеттеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жастарды, әйелдерді және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа алуға міндеттеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент мүшесі премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған сауалында, Президент Мәжілісте және жергілікті мәслихатта депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 30 пайыздық квота енгізуді тапсырғанын атап өтті. Бірақ мәслихат депутаттарын қоғамдық негізде сайлайтындықтан, бұл тапсырма тек 32 жаңа жұмыс орнын береді.

"Сонымен қатар, 2020 жылы елдегі мемлекеттік қызметшілердің саны 88,5 мың адамды құрады, ал квазимемлекеттік секторда 809 мың жұмыс орын бар. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар үшін осы квотаны қолдану 32 жұмыс орнын емес, жастар, әйелдер және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 269 мың жұмыс орнын берер еді. Егер жастар заң қабылдай алатын болса, онда жас мамандар практикалық тәжірибе мен білім ала отырып, өз кәсібінің ең төменгі сатысынан бастайтын еді", - деді депутат.

Ол жұмысқа орналасу мәселесі қиын екенін, жыл басынан бері Қазақстаннан 25 332 азамат кеткенін, олардың әрбір төртіншісі 28 жасқа толмағандар екенін айттыі. Грин-карта лотереясына 155 мың қазақстандық қатысты, бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың 1,7 пайызы.

"Самұрық-Қазына" қоры тобының штаттық қызметкерлерінің жалпы саны 264 200 адамды құрайды. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдар 1 пайыздан аспайды. "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңда мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы 2-ден 4 пайызға дейін қарастырылған, оны әкімдіктер қандай да бір себептермен тек бизнеске қатысты қолданады. Ал мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға еңбек басқармаларында батылдық та, өкілеттік те жетіспейді", - деді Хамзин.

Ол Тоғжановтан министрліктер мен ведомстволар, квазимемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық компаниялар мен олардың еншілес құрылымдары бөлінісінде мемлекеттік органдардағы жастардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әйелдердің саны мен үлес салмағы туралы ақпарат беруді сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети