09 наурыз 2023 12:20

Қазақстанда меморгандарда келісімшартпен жұмыс істейтін қызметкерлер болуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенаторлар мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметкерлерді ұлттық жобаларды жүзеге асыру келісімшарты бойынша жұмысқа алатын заң жобасын қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенаторлар мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметкерлерді ұлттық жобаларды жүзеге асыру келісімшарты бойынша жұмысқа алатын заң жобасын қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың айтуынша, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер тек бір жылға және бір республикалық жобаға тартылады.

"Келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер мемлекеттік қызметші емес. Мемлекет басшысы кәсіби саладан білімді мамандарды тарту туралы айтты. Мемлекеттік органдарда мамандар тапшы. Оларды жұмысқа алудың және олармен келісімшарт жасасудың барлық аспектісі агенттіктің бақылауында болады. Қайда жетіспеушілік бар, оны қадағалаймыз. Біз Үкімет басшысына да жыл қорытындысы бойынша есеп береміз", - деді Жазықбаев Сенат депутаттарының сауалдарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Үкімет ұлттық жобалардың тізбесін жасайды, оған сәйкес келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді тартуға рұқсат етіледі.

Жазықбаевтың айтуынша, құжаттың қабылдануы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети