12 сәуір 2024 14:22

Қазақстанда су тасқыны салдарынан 13 республикалық және халықаралық тасжол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚазАвтоЖол Фото: ҚазАвтоЖол

Ақмола облысында су деңгейі көтеріліп, екі тасжолды еріген қар суы шайып кетті. Салдарынан тасжолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысында су деңгейі көтеріліп, екі тасжолды еріген қар суы шайып кетті. Салдарынан тасжолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазавтожол" мәліметінше, Көкшетау - Атбасар бағыты бойынша жолдардың 120-184 шақырымы (Максимовка ауылының учаскесі) жабық.

Екатеринбург - Алматы тас жолында 856-917 шақырымында (Солтүстік Қазақстан облысының шекара учаскесі-Жақсы кенті) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеу енгізілді.

Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз жолында автокөліктің барлық түрі үшін 3-92 шақырымында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жабық жол учаскелері:

  • Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайотес - Шетпе - Жетібай - Ақтау, 4-119 шақырым;
  • Мұқыр - Құлсары, 0 - 136 шақырым.

Қостанай облысында "Мариновка ауылына кіреберіс" тасжолында (0-9 километр) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка бағыты бойынша тасжол жабық, 42-96 шақырым.

Тобыл өзеніндесу деңгейінің көтерілуіне байланысты төтенше жағдайдың алдын алу үшін Қостанай - Жақсы - Қарабұтақ - Қостанай жолындағы көпір арқылы жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысты шектелді, 4-5 шақырым. Маңғыстау облысында жол бөлігін су шайып өтуіне байланысты Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайотес - Шетпе - Жетібай - Ақтау жолында автокөліктің барлық түріне 210-220 шақырым жүруге шектеу қойылды", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан облысында Рощинское – Корнеевка – Волошинка тас жолына 0-47 шақырым шектеу енгізілді.

Жезқазған - Петропавл жолы жабылды, 869-875 шақырым. Екатеринбург – Алматы, 835-856 километр бағыты бойынша автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеу енгізілді.

Челябинск - Новосибирск тасжолы да жабық, 525-530 шақырым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети