13 қыркүйек 2023 09:25

Қазақстанда тоғыз су қоймасы пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: 24.kz Сурет: 24.kz

Келер екі жылда республикада 9 су қоймасы салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.


Келер екі жылда республикада 9 су қоймасы салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір 16 апатты нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді мамандар 15 су қоймасында қайта құру жұмыстарын жүргізеді. Президенттің тапсырмасы бойынша республикада 20 резервуар салу керек. Бұл қосымша 800 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік береді.

"Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктері үшін су тартудың жалпы көлемі шамамен 25 текше шақырым, оның ішінде ауыл шаруашылығына 65 пайыз, өнеркәсіпке 30 пайыз, қалғаны халық үшін пайдаланылады. Әзірленіп жатқан Су кодексінде жаңа тарифтік саясаттың негізгі бағыттары ескеріледі. Саланы цифрландыру және тиімді тариф қалыптастыру мәселені шешуі тиіс", - деді су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.

Президенттің сынынан кейін биыл шілдеде Астана су қоймасын тазарту басталды. Астаналық су қоймасы 1970 жылы салынғаннан кейін мүлде тазартылмаған. Бұл Астананы ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Оның жалпы көлемі 410,9 миллион текше метр.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11 шілдеде елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында Экология министрлігін сынға алды. Оның айтуынша, елорда толығымен Астана су қоймасына тәуелді, басқа су көздері жоқ, ал бұл өте қауіпті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети