20 ақпан 2024 15:00

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгереді: мектептерде сабақ уақыты ауысуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу фонында мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу фонында мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр уақыттың өзгеруін сарапшылар қауымдастығы мен ғалымдар қабылдағандықтан, қисынды деп санайды.

"Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға әкімдіктерге мүмкіндік береміз, ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, 8:00-де сабақ басталатын мектептер сағат 8:30-да бастай алады және т.б. Мұнда әрбір ұйым мен әкімдікте дербес шешім қабылдауға болады", - деді Бейсембаев үкімет брифингінде.

Иллюстрация: Tengrinews.kz/Акмарал Карашон

Еске салайық, 1 наурыздан бастап Қазақстан біртұтас уақыт белдеуіне ауысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети