29 ақпан 2024 15:03

Қазақстанда үш комитетті бір мемлекеттік органға біріктіру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Сенатор Андрей Лукин Қазақстандағы үш комитетті бір мемлекеттік органға біріктіруді ұсынды. Ол өз ұсынысын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Андрей Лукин Қазақстандағы үш комитетті бір мемлекеттік органға біріктіруді ұсынды. Ол өз ұсынысын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор халықты қауіпті және контрафактілік өнімдерден қорғау бойынша жүйелі жұмыстың жоқтығын мәлімдеді. Андрей Лукиннің айтуынша, Қазақстанда мұндай өнім айналымының негізгі проблемасы техникалық реттеу жүйесінің тиісінше жұмыс істемеуі болып табылады. Оны шешу үшін парламентарий техникалық реттеу және метрология, тұтынушылардың құқығын қорғау, сауда комитеттерін өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауға және тұтынушылардың құқығын қорғауға жауапты болатын бір мемлекеттік органға біріктіруді ұсынды.

"Ықтимал заңбұзушылықтардың алдын алу мониторингі жүйесін құру маңызды. Ол үшін техникалық реттеу жүйесін жедел цифрландыру, кедендік реттеу, салық салу, мемлекеттік сатып алу, маркетплейстердің тізілімдерімен және дерекқорларымен интеграциялау қажет. Нарық қатысушыларының жауапкершілігін қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру қажет, атап айтқанда - әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату қажет. Техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау және олардың кедендік реттеу процестері және басқалармен өзара байланысын қадағалау керек", - деп ұсынды Лукин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети