04 қыркүйек 2023 09:03

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро, рубль бағамы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pexels.com Сурет: pexels.com

Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатудың бағамы 08:30-дағы деректер бойынша 461,30 теңге, сатып алу - 457,65 теңге. Еуроны сату бағамы 498,01 теңге, сатып алу - 493,94 теңге шегінде қалыптасты. Ресей рублін 4,73 - 4,89 теңгеден сатып алуға болады.

Астананың ақша айырбастау орындарында долларды сатудың орташа бағамы 461,36 теңге, сатып алу - 457,14 теңге. Еуроны 500,45 теңгеден сатып, 494,92 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді сату - 4,82 теңге, сатып алу - 4,69 теңге.

2-4 қыркүйектегі ресми валюта бағамдары:

USD - 456,39 теңге;
RUB - 4,74 теңге;
EUR - 495,09 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети