06 маусым 2023 11:06

Қазақстандағы жанармай құю станцияларына көбірек дизель отыны жіберілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев автокөліктерге жанармай құю станцияларына дизель отыны көбірек жіберілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев автокөліктерге жанармай құю станцияларына дизель отыны көбірек жіберілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы Үкімет отырысында сөз сөйлеген Энергетика министрлігінің басшысы 2023 жылы көктемгі дала жұмыстарына 419 мың тонна бөлінгенін айтты, 2022 жылға - 400 мың тонна дизель отыны.

Ол биыл Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктер және "ҚазМұнайГаз" АҚ-мен бірлесіп, біркелкі – айына 81-117 мың тонна тиеу кестесін дайындағанын атап өтті.

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) тиеп-жөнелтудің біркелкілігі жанармай құю станцияларына да көбірек дизель отынын жіберуге мүмкіндік берді. Көктемгі егіс жұмыстарында АШТӨ үшін дизель отынының құны тоннасына 222 мың теңге немесе МӨЗ-де литріне 184 теңге", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Операторлардың дизель отынды жеткізуге кететін шығынын есепке алатын болсақ, онда шаруаларға жеткізудің орташа бағасы литріне 204 теңге болады, бұл жанармай құю бекетіндегі бағасынан 31 пайызға төмен – литріне 295 теңге, деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети