05 қаңтар 2024 12:31

Қазақстандық компанияға салықты төмендеткені үшін 2 миллиард теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

БҚО прокурорлары "Жайықмұнай" ЖШС қызметінде салықты қосымша есептемеу деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО прокуратурасына сілтеме жасап.


БҚО прокурорлары "Жайықмұнай" ЖШС қызметінде салықты қосымша есептемеу деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы ЖШС-ны тексеру барысында салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, компания 38 миллиард теңгеден астам қаражатты өтелетін шығындарға негізсіз жатқызу деректеріне жол бергенін анықтады.

"Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген сома мемлекет өтейтін шығындардан алынды. Сондай-ақ, салықтарға қосымша есептеу жүргізіліп, мемлекет кірісіне 9,5 миллиард теңге өндірілді.

Салық сомасын төмендеткені үшін компания айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынып, төленді", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде облыс прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 11 миллиард теңгеге толықтырды, сондай-ақ "Жайықмұнай" ЖШС 38 миллиард теңгеден астам шығындарын бюджеттен негізсіз өтеуге жол бермеген.

"Бұдан басқа, "Жайықмұнай" ЖШС-де трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне түзету жүргізілді, қосымша есептеуге корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 725 миллион теңге болды, қазіргі уақытта өтеу сатысында".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети