08 қаңтар 2024 15:13

Қазақстандық соттарға тұрғынды уақытша үйінен шығару құқығы берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: freepik.com фото: freepik.com

Қазақстандық соттарға тұрғындарды үйінен шығару құқығы берілуі мүмкін. Бұл бастама туралы толығырақ Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық соттарға тұрғындарды үйінен шығару құқығы берілуі мүмкін. Бұл бастама туралы толығырақ Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің апта сайынғы брифингінде Зұлхайыров әйелдер мен балалар құқығын қорғауға, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған заңнамалық түзетулер туралы айтты.

"Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыру жоспарланып отыр. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа агрессорды тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Бұл ретте оған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында өз әрекеті туралы ойлану ұсынылады. Сондай-ақ, сот агрессорды денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуге міндеттеуге құқылы", - деді полиция қызметкері.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы орынбасарының айтуынша, Қылмыстық кодекс аясында мінез-құлыққа осындай ерекше талаптар белгіленеді. Сондай-ақ, Зулхайыров Ішкі істер министрлігінде осы мәселелермен арнайы айналысатын тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін мамандандырылған бөлім құру жоспары барын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети