20 маусым 2023 09:57

Қазақстанның сыртқы істер министрі Беларусь мемлекетіне ресми сапармен барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусь Республикасына ресми сапармен барды. Қазақстаннан келген қонақты Минскіде қалай қарсы алды, біздің елден келген делегация Александр Лукашенконың резиденциясында не көрді? Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусь Республикасына ресми сапармен барды. Қазақстаннан келген қонақты Минскіде қалай қарсы алды, біздің елден келген делегация Александр Лукашенконың резиденциясында не көрді? Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Мұрат Нұртілеу Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің делегациясымен бірге Беларусь басшысының резиденциясына келді. Негізгі кіреберісте оны Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Алейник күтіп алды.

Алейник Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшысын Беларусь президентімен кездесуге өзі алып барды.

Кейін тараптар шағын келіссөздер жүргізді. Онда Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастар талқыланды.

Лукашенконың резиденциясы - Тәуелсіздік сарайы - Минск қаласының солтүстік-батыс бөлігінде негізгі көлік артерияларының бірі - Победителей даңғылында орналасқан.

Тәуелсіздік сарайы бүкіл Беларусь халқының мәдени мұрасы, сондықтан оның залдары Лукашенконың бұйрығымен белгіленген уақытта экскурсиялар үшін ашық.

Беларусь президентінің баспасөз қызметі мәліметінше, Тәуелсіздік сарайы маңызды шаралар өтетін орын ғана емес, сонымен қатар, түрлі көрме жобалары өтетін орын.

Тәуелсіздік сарайы үш деңгейлі төртбұрышты постмодернизмді ғимарат. Оның жалпы ауданы 53 778,6 шаршы метр.

Биіктігі 18 метр, ауданы 3,5 мың шаршы метр Тәуелсіздік сарайының салтанатты залы Беларусьтегі ең үлкен зал болып саналады.

Қасбеттер шыныдан, металдан және тастан жасалған. Негізгі қасбеттер елтаңба түріндегі мемлекеттік рәміздермен безендірілген. Тәуелсіздік сарайына іргелес аумақ 15 гектарды алып жатыр.

Интерьер классикалық стильде жасалған. Бұл ретте ұлттық ою-өрнек, ең алдымен, Слуцк белбеулерінің мотивтері кеңінен қолданылады. Дәстүрлі белорус үлгілері интерьердің көптеген элементтерінде бар. Олар мәрмәр, металл, мозаика, қабырғалар мен төбелердің көркем кескіндемесінде оңай танылады.

Тәуелсіздік сарайында экзотикалық өсімдіктердің 150 түрі ұсынылған. Мұнда "Мини-Беларусь" гүл композициясы, Құрметті қонақтар аллеясы, субұрқағы бар орталық аллея, Салтанатты рәсімдер алаңы, серуендеу жолдары мен шағын архитектуралық пішіндер орналасқан.

Фото Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, 19 маусымда Қазақстан сыртқы істер министрінің Беларусьқа ресми сапары басталды. Сапар барысында Мұрат Нұртілеу Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Алейникпен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Осыған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Мұрат Нұртілеуді резиденциясында қабылдаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети