30 қыркүйек 2021 10:55

"Қазақтелеком" "Кселлдегі" үлесін сатады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрағаттан алынған Мұрағаттан алынған

"Қазақтелеком" директорлар кеңесі "Кселл" АҚ акцияларының 24 пайызын сатуды ұйғарды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақтелеком" директорлар кеңесі "Кселл" АҚ акцияларының 24 пайызын сатуды ұйғарды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасы (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) "Кселл" АҚ акцияларының 24 пайызын сату туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап күшіне енді", - делінген сайтта.

Tengrinews.kz редакциясы қосымша пікір алу үшін "Қазақтелекомға" жүгінді.

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында "Қазақтелеком" "Кселл" АҚ акцияларының 75 пайызын сатып алды, олар сол кезде Telia Company және Fintur Holdings B. V. компаниясына тиесілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети