25 шілде 2014 19:40

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің бағалы қағаздарының құны артқанын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kmg.kz ©kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің бағалы қағаздарының құны артқанын мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өзінің бағалы қағаздарының құны артқанын мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеше және бүгіннен бастап Қазақстандық қор биржасында (KASE) "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ акциялары өсті. Күні кеше ғана компанияның құнды қағамдары сегіз пайызға қымбаттаса, ал бүгін "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ-тың жай акцияларының өзі 20 мың теңгеге қымбаттаған. ал артықшылықты акциялар 17 мың теңгеге жоғарылаған. 

"ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ еркін айналымындағы акцияларын "ҚазМұнайГаз" иеленуі мүмкін. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы мен тәуелсіз директорлар Компанияның еркін айналымдағы қарапайым акцияларын сатып алу мүмкіндігі туралы алдын-ала талқылағанын растайды", - делінген аталмыш компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Аталған шешім алғашқы сатыда қаралып жатыр және нәтижесінде ресми ұсыныс жасалатыны туралы ешқандай кепілдік жоқ. Қазіргі таңда "ҚазМұнайГаз" БӨ" компаниясының тәуелсіз директорлары кеңесшілерді тағайындауды жүзеге асырып жатыр, сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" тарапынан жасалатын кез-келген ұсыныстарды белгіленген тәртіппен қарайтын болады. Ал әзірше акционерлерге ешқандай әрекет етпеуге кеңес беріледі. 

Компанияның хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" БӨ" компаниясы тарапынан жасалған кез-келген ұсыныс қосылу және "жұтылу" туралы британдық Сити кодексінде қарастырылмайды.

Еске сала кетейік, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясы мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі "Қазгермұнай" БК ЖШС мен CCEL ("Қаражанбасмұнай" АҚ) және "ПетроҚазақстан Инк." компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. Компанияның үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) "Өзенмұнайгаз" АҚ , "Ембімұнайгаз"АҚ және "Орал Ойл энд Газ" (Рожков кеніші, Федоров блогы) еншісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети