15 қараша 2023 16:37

Қонақүйлер, жер және үлестер: мемлекетке триллион теңге қайтарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында елден заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару туралы айтты. Бас прокурордың орынбасары қайтарылған капитал қаншаға бағаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Садырбековтың айтуынша, бүгінге дейін құқық қорғау органдары мемлекетке 1 триллион теңгеге жуық мүлік пен активтерді қайтарған.

"Олардың шамамен 600 миллион доллары басқа юрисдикциялардан қайтарылған активтер. Егер нақтырақ айтсақ, менің білуімше, Біріккен Араб Әмірліктерінен - шамамен 15 миллион доллар, Австриядан - 82 миллион доллар, Лихтенштейннен – 260 миллион доллар, Гонконгтан – 2 миллион доллар. Мысалдар өте көп және юрисдикциялар да әртүрлі", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Ел ішіндегі активтер туралы айтсақ, Садырбеков ақшадан бөлек үлестер, ірі компания акциялары, оның ішінде монополиялық: қонақүйлер, базарлар, элиталық бизнес-орталықтар, жерлер қайтарылғанын хабарлады.

"Тіпті ел үшін стратегиялық маңызы бар теміржолдар бар", - деп қосты Бас Прокурордың орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети