27 тамыз 2014 22:04

Кондуктор әйелді ұрған ақтөбелік бір жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақтөбеде кондуктор әйелді соққыға жыққан 28 жастағы ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Ақтөбеде кондуктор әйелді соққыға жыққан 28 жастағы ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Айта кетейік, бұл оқиға маусымның 16-сы күні 25-ші шағын автобуста болды. Жолаушы аялдамалардың бірінен түсіріп бара жатып, кондуктордан емханаға барар жолды сұрады. Оны байқап отырған Нұрдәулет Жапақов жолаушының не туралы айтқанын сұрағанда, кондуктор: "Саған ол неменеге керек? Отырсың ба? Отыр", - деп жауап берді. 

Жапақовтың айтуынша, кондуктордың бұл сөзі оның намасына тиді. Ол кондукторға қарсы сөз айтты. Содан жанжал басталды. Кондуктор одан автобус салонынан шығып кетуді талап етті. Жапақов болса, оған жұдырық ала жөнелді. Әйелді соққыға жығып жатқан кезде көлік жүргізушісі араша түсіп, Жапақовты далаға алып шықты. Бұл жанджалды жолаушылардың біреуі ұялы телефонға түсіріп, ғаламторға салып жіберді.  

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Сотта Жапақов өз кінәсін мойындады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети