19 қаңтар 2024 12:35

Қорғаныс министрі Жаркенттегі сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жетісу облысында қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жетісу облысында қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қайғылы оқиға Жаркентте болған. БАҚ мәліметінше, сарбаз әскерде менингит ауруынан көз жұмған. Ол былтыр күзде әскерге шақырылған.

"Сарбаздың отбасына көңіл айтамын. Ол менингит ауруынан көз жұмды... Өкінішке қарай, міндетті түрде тапсыратын медициналық анализдердің тізімінде менингитке тексерілу жоқ. Қазір оны тізімге қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы жағдайдан кейін тиісті шешім қабылдадым, тиісті қаржы бөлінді. Сарбаздар әскери бөлімге келгеннен кейін оларды 100 пайыз менингокоққа тексереміз. Егер ауру анықталса, олар 5-7 күн бойы дәрі ішіп емделеді..." - деді Руслан Жақсылықов Парламенттің бірлескен отырысынан соң.

Министр марқұмның ата-анасы дәрігерлер қойған диагнозбен келіспей отырғанын жеткізді.

"Мен де әкемін. Оларды түсінемін. Мұндай жағдайдың болғаны бәрімізге ауыр тиді. Қазақта "ажалы келді" деген сөз бар. Сараптама (дәрігерлер қойған диагнозды - еск.) растады", - деді басшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети