08 маусым 2016 14:06

ҚР ІІМ: Пионер лагеріне оқ атылғаны жайлы мәлімет расталмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР ІІМ өкілдері пионер лагеріне оқ атылғаны жайлы мәліметті растамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ өкілдері пионер лагеріне оқ атылғаны жайлы мәліметті растамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе облысында жазғы лагерьге тегіс оқпанды қарудан оқ атылды делінген мәлімет тексерілді, мәлімет расталмады", - деп мәлімдеді Алмас Сәдубаев.

"Қылмыскерлерді ұстау кезінде төрт адамның жарақат алғаны жайлы мәлімет өзгеріссіз. Жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр, Ақтөбеде және республикада жағдай тұрақты, барлығы бақылауда", - деді ол.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов Ақтөбедегі жағдайды баяндаған еді. "13 адамның көзі жойылды, 14-і жарақат алған, дайындық кезеңінде 20 адам болған, олардың барлығы анықталып, олардан жауап алынды. Қазіргі уақытта алты адам іздеуде. Олар екі топпен жүр және біреуі олардан бөлек. Олардың Ақтөбеде жүргені белгілі. Бүгін таңда, Ақтөбе уақыты бойынша 8.06-да ақ түсті Lada автокөлігінен пионер лагерінің күзетіне тегіс ұңғылы қарудан оқ атылды", - деген еді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети