28 желтоқсан 2015 16:44

ҚР СІМ қазақстандықтардың Сауд Арабиясында ұсталу себебін анықтап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР СІМ Сауд Арабиясында қазақстандық үш азаматтың ұсталу себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР СІМ Сауд Арабиясында қазақстандық үш азаматтың ұсталу себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мединеде 20 желтоқсан күні Қазақстанның үш азаматы ұсталған. Олар Медине Ислам университетінің студенттері болып шықты. Қазір Сауд Арабиясындағы біздің елшілік олардың ұсталу себебін анықтап жатыр, осыдан кейін оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі", - деп жауап берді ҚР СІМ Tengrinews.kz тілшісінің арнайы сауалына.

Ведомство тағы екі азаматтың ұсталуы туралы БАҚ өкілдері таратқан ақпаратты Сауд Арабиясындағы Қазақстанның елшілігі де, консулдық өкілдері де алмағанын хабарлады. "Бұл ақпарат қазір елшілік арналар арқылы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін шетелдің ақпарат құралдары Сауд Арабиясының арнайы қызметі Қазақстанның бес бірдей азаматын қамауға алғанын хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети