11 наурыз 2024 15:29

Қуандық Бишімбаев сотқа жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев елорда сотына жеткізілді. Бүгін мұнда бұрынғы шенеуніктің ісіне қатысты алдын ала тыңдау өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев елорда сотына жеткізілді. Бүгін мұнда бұрынғы шенеуніктің ісіне қатысты алдын ала тыңдау өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаевтың ісі бойынша, судья - Айжан Құлбаева, ол бұған дейін Астанада басқа да бірқатар атышулы істерді қараған. Олардың қатарында Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевқа, журналист Махамбет Әбжанға қатысты істер және "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының сотталған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевқа колонияда қамқорлық жасау ісі бар.

Алдын ала сот отырысында прокурорлар Бишімбаевқа қандай баптар бойынша айып тағылғанын, ал судья негізгі сот отырысының өтетін күнін жариялайды.

Отырыс алдында залға екі мемлекеттік айыптаушы, Бишімбаевтың ата-анасы, марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары, сондай-ақ олардың қорғаушылары кірді.

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді. Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, 16 қаңтарда айыпталушыға тағы бір қылмыстық бап – "Қинау" (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Кейін "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" - 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети