17 шілде 2023 17:14

"Құлан-Энерго Жылу" кәсіпорынның бас есепшісі 7 миллион теңге жымқырған

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура Жамбыл облысындағы "Құлан-Энерго жылу" коммуналдық кәсіпорнының бас есепшісінің бюджет ақшасын ұрлаудың қандай қылмыстық схемаларын ойлап тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бас прокуратура Жамбыл облысындағы "Құлан-Энерго жылу" коммуналдық кәсіпорнының бас есепшісінің бюджет ақшасын ұрлаудың қандай қылмыстық схемаларын ойлап тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті "Құлан-Энерго Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас есепшісінің 7 миллион теңге жымқыру дерегін анықтады.

Прокурор кәсіпорынның бюджет қаражатын жұмсау мақсатындағы қызметіне талдау жасағаны хабарланды.

"Талдау барысында кәсіпорынның бас есепшісі Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бюджеттік қаражатын төлем тапсырмалары арқылы өзінің шоттарына аударғаны анықталды. Сондай-ақ, өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында төлем тапсырмаларының бағанында тауар, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлем көрсеткен",- деді ведомство өкілдері.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс мәні бойынша сотқа жіберілді.

"Аудандық соттың 23 маусымдағы үкімімен кәсіпорынның бас есепшісі қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 3 жыл мерзімге коммерциялық және өзге де ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарда жұмыс атқару құқығынан айырылады", - деді Бас прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді.

Заңсыз аударылған ақша толығымен мемлекетке қайтарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети