14 наурыз 2022 15:03

Қырғызстаннан келген контрафактінің ірі партиясы шекарада әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстаннан келген контрафактінің ірі партиясы шекарада әшкере болды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстаннан келген контрафактінің ірі партиясы шекарада әшкере болды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салықтық тексерулер аясында ресми құжаттарда көрсетілмеген қымбат және салықты көп қажет ететін тауарлар анықталып жатыр.  Оның ішінде зияткерлік меншік объектілері де бар. 

"11 наурызда тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігінде 2 715 бірлік бренд тауарлар анықталды. Аталған тауарлардың ішінен Dior сөмкелері, Gucci көрткелері, Nike кроссовкалары және басқа да қымбат киімдер табылды", - делінген хабарламада.

 

 

Аталған факті бойынша материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

"Жыл басынан бері мемлекеттік кірістер органдары Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілері бойынша 6 материал жіберді, оның ішінде 2 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, залал 21,7 миллион теңге болды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети