01 қаңтар 2023 14:47

Қызылордада жаңажылдық шырша өртеніп кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде орнатылған жаңажылдық шырша өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде орнатылған жаңажылдық шырша өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

112 құтқару қызметіне 1 қаңтарда сағат 2.01-де қала іргесінде орналасқан Табсөгет кентінде жаңажылдық шырша жанып жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

"Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер 1 техникамен оқиға орнына барды. Өрт 2.07-де оқшауланып, 2.08-де толық сөндірілді. Өрттің шығуына электр сымның қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Шығын мөлшері анықталуда", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети