03 сәуір 2024 11:23

Маңғыстауда газ жарылып, үй қирады: бір адам қаза тапқан

Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында газ жарылып, үй қирады. Қаза тапқан адам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында газ жарылып, үй қирады. Қаза тапқан адам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға 3 сәуірде Бейнеу ауылында болған.

"Газдың жарылуы салдарынан үй толығымен дерлік қирады, Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханада қаза болды. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері оқиға туралы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ жедел диспетчерлік қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы қираған жекеменшік үйде қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады", - деп хабарлады компания.

Реклама
Реклама

Оқиға туралы Бейнеу аудандық әкімдігі мен полицияға хабарланған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, газ шыққан. Қолдан жасалған газ қазандығына қатысты КТЕО бұған дейін бұл жабдықты ауыстыру туралы хабарлама берген, бірақ үй иелері бұл ескертуді елемеген. Апаттың себептері сараптама қорытындысы бойынша анықталады", - деп қорытындылады компания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram