14 қыркүйек 2022 14:10

Мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтан атауын өзгерту мәселесін қарайды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елордалық мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтанды Астана деп өзгерту мәселесін көпшілік тыңдауларда қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтанды Астана деп өзгерту мәселесін көпшілік тыңдауларда қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тыңдаулардың анонсы мәслихат сайтында жарияланды.

"2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:00-де өтетін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының көпшілік тыңдауларының қарауына" Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы" мәселе шығарылады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте Мәжілістің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері Нұр-Сұлтанға Астана атауын қайтаруды қолдаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети