09 желтоқсан 2021 12:47

Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігі тексеріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы беріктігін тексеруді жоспарлап отыр (Integrity Check). Антикор басшысы Марат Ахметжановтың айтуынша, жүйе жосықсыз қызметкерлерді дер кезінде анықтауға және жұмыстан шығаруға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Неге оның қылмыс жасап, мемлекетке зиян келтіргенін күту керек? Заңдық тәртіптік шараларды қолданып, оны басталмай жатып тоқтатуға болады. Мұндай шаралар баю мақсатында мемлекеттік қызметке келуді негізсіз етеді және ұзақ мерзімді перспективада беделді мамандарды қалыптастырады", - деді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар негізінде министрлер мен әкімдердің қызметін бағалау жүйесі де қарастырылған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың ұлттық индексін бекіту ұсынылды. Барлық бағалау жүйелері жобалық негізде жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети