04 наурыз 2024 17:12

Наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер болжамы бойынша, наурыздың ортасында Қазақстанда күн жылынады. Бұл туралы бүгін "Қазгидрометте" өткен брифингте мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер болжамы бойынша, наурыздың ортасында Қазақстанда күн жылынады. Бұл туралы бүгін "Қазгидрометте" өткен брифингте мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты шекте болады деп күтіледі.

"Наурызда жалпы алғанда республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура қалыпты шамада және Қызылорда, Түркістан облыстарының оңтүстік-шығысында және Жамбыл облысының оңтүстік-батысында нормадан бір градусқа жоғары болады деп күтіледі", - деді Қазгидромет директоры Марина Шмидт.

Бұл ретте, ол наурыздың екінші онкүндігінде еліміздің барлық дерлік аумағында айтарлықтай салқын толқын күтілетінін атап өтті.

"Екінші онкүндікте солтүстік облыстарда ауа температурасы түнде -15...-20, оңтүстік облыстарда -0...-8 градусқа дейін төмендейді деп күтеміз. Үшінші онкүндікте – Наурыз мейрамында көктемге сәйкес ауа райы күтіледі. Ал солтүстік облыстарда күндізгі температура нөлден жоғары, +3...+13, оңтүстікте әлдеқайда жылы, +15...+20 дейін болады деп үміттенеміз", - деп қосты Қазгидромет директоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети