24 қаңтар 2024 09:10

Назарбаев атындағы Астана әуежайының атауы өзгере ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атауы өзгере ме? Сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атауы өзгере ме? Сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ААК ресми сауалға жауап беріп, қазір мұндай жоспарлар жоқ екенін мәлімдеді.

"Бүгінде Астана әуежайының атауын өзгерту, сондай-ақ әуежайдың үш әріптен құралған кодын (NQZ. - еск.) өзгерту мәселесі комитеттің күн тәртібінде жоқ", - делінген хабарламада.

Дәл осыған ұқсас жауапты елорда әуежайының баспасөз қызметі де берді – қала Нұр-Сұлтан деп аталған кезде әуе айлағына берілген әуежай кодын өзгерту жоспарда жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының үш әріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ге 2020 жылдың сәуірінде өзгертілді. Өзгерістер ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымында күшіне енген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети