15 қыркүйек 2022 13:31

Нұр-Сұлтанға жылу қашан беріледі?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімдігі жылыту маусымына дайындық басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан әкімдігі жылыту маусымына дайындық басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура бес күн бойы плюс он градустан төмен болғанда басталады. Бүгінде алдағы жылу беру маусымына дайындық жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Электр қосалқы стансаларына жөндеу жұмыстары аяқталды, барлық су құбыры және канализация желілері дайын", - деді Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Байсадықов. 

Оның айтуынша, жылу және электр желілері нысандарын күрделі жөндеу қыркүйектің соңына дейін, ал білім және денсаулық сақтау нысандарын дайындауды 23 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып жатыр.

Тұрғын үй қорының жылуды қосуға дайындығы бүгінде 85 пайыз.

"Құрылысы аяқталмаған үйлердің тұрғындарына өтініш білдіргім келеді. Үйлеріңізді жылу маусымына дайындауға белсене атсалысыңыздар, меншік иесі немесе жалға алушы болсаңыздар да, жалпы жиналыстарға қатысуларыңызды сұраймын", - деп сұрады Байсадықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети