29 маусым 2023 13:18

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір статусынан айырылуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:nazarbayev.kz Фото:nazarbayev.kz

Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев қорына қатысты заңдар өзгертілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев қорына қатысты заңдар өзгертілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Оны іске асыру үшін бірқатар заңға, оның ішінде "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" және "Назарбаев Қорының" мәртебесі туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

"Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілетін айқындау бойынша түзетулер көзделген", - делінген Сенат қорытындысында.

Заңның қазіргі редакциясында Жоғарғы Қамқоршылық кеңестің бірінші төрағасы - Нұрсұлтан Назарбаев. Өзгерістерге сәйкес Президент немесе ол тағайындаған адам жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети