09 сәуір 2023 16:54

Павлодарда балаларға дөрекілік танытқан балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда балаға дөрекілік танықтан балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Мектепке дейінгі мекеме басшысы да жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.


Павлодарда балаға дөрекілік танықтан балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Мектепке дейінгі мекеме басшысы да жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Сәбиге жасалған дөрекі әрекеттің видеосы балабақшаның жатын бөлмесіне орнатылған бақылау камераларына түсіп қалған.

Оқиға балаларды түскі ұйқыға жатқызатын уақытта болған. Instagram желісінде жарияланған кадрларда балалардың бірінің ұйықтамай жатқанын көрген тәрбиеші оған жақындап, бетінен алақанымен ұрып, үстіне көрпе лақтырдғанын көруге болады.

"Бұл 28 балабақша. Мұндай адамды бүкіл қала білуі тиіс", - деп видеоның астына пікір жазылған.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту дерегі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін мәлімдеді.

"Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады білім беру бөлімі.

Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от IRBIS TV (@irbis.tv)

Басылым мәліметінше, басы дауға қалған тәрбиешінің осы салада 13 жылдан аса тәжірибесі бар, осы мектепке дейінгі мекемеде алты жыл жұмыс істеп келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети