29 қараша 2022 09:15

Павлодарлық полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.


Павлодарлық полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, тәртіп сақшылары Байдалы ауылының маңында жол үстінен жараланған құсты байқап, тоқтап, өздерімен бірге алып кетеді.

"Сыртта -30 градус аяз. Құсты қызметтік көліктің салонына кіргізіп, оны жылыту үшін үстінен күпәйке жауып қойдық. Содан кейін орманшыларға хабар бердік", - деді полиция аға лейтенанты Қасым Қабдрашитов.

Павлодар қаласының Патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары құстың Қызыл кітапқа енген субүркіт-аққұйрық екенін әрі оның қанатының жараланғанын анықтаған.

"Орманшылар құсты қабылдап, орман шаруашылығына жеткізді. Онда олар құсты тексеріп, ем тағайындады", - деді полиция капитаны Аманай Әубәкіров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети