10 тамыз 2023 15:28

Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Ақорданың баспасөз қызметі Фото Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдап, бірқатар тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдап, бірқатар тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, әлеуметтік даму, дін және ұлтаралық қатынастар, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саясаты салаларындағы жұмысы туралы есеп берілді.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, отандық телехикаялар түсіріп, олардың шетелде танымал болуына, медиасауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық сектормен ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылып жатыр.

Президент барлық деңгейдегі азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін, сондай-ақ өзекті мәселелерді қоғаммен кеңінен талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге жастар саясаты саласындағы бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, діни бірлестіктер мен этносаралық қатынастар қызметіне баса назар аударуды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети