27 мамыр 2022 11:06

Президент Мырзатай Жолдасбековке құттықтау жеделхатын жолдады

Мырзатай Жолдасбеков. Фото: enu.kz Мырзатай Жолдасбеков. Фото: enu.kz

Президент мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтап, жеделхат жолдады.

"Халқымыз өзіңізді мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, қарымды қаламгер ретінде жақсы біледі және құрметтейді. Ұстаздықтан басталған еңбек жолыңызда министр, Премьер-Министрдің орынбасары, Елші, университет ректоры, Президенттік орталықтың басшысы сияқты жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, еліміздің мәртебесі мен беделінің арта түсуіне атсалыстыңыз. Әдеби қазынамыздың қайнар бұлағы болған ақын-жыраулардың шығармашылығын жаңа қырынан көрсетіп, қазақ үшін айтыс өнерінің айрықша рөл атқаратынын дәлелдеп бердіңіз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін терең зерделедіңіз. Сіздің қаламыңыздан шыққан "Ежелгі әдебиет нұсқалары", "Күлтегін", "Асыл сөздің атасы", "Кісілік кітабы", "Таңғаламын өмірдің ғажабына" және басқа да кітаптарыңыз - ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мен жаңғыртудың жарқын үлгісі. Алдағы уақытта да қоғамдық-саяси істерге белсенді атсалысып, ел-жұрттың шынайы құрметіне бөленіп, мерейіңіздің үстем бола беруіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған құттықтау жеделхатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети