28 тамыз 2017 16:23

Сақал мен қысқа балаққа тыйым салу мәселесі дін туралы заң жобасына кірмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gmirny.ru © gmirny.ru

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері сақал мен балақтың ұзындығы дін туралды заңда айтылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері сақал мен балақтың ұзындығы дін туралды заңда айтылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұнда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жайлы айтылып отыр. 

"Қазіргі уақытта бұл мәселе қарастылырылып отырған жоқ: қысқа балақ шалбар мен сақал (...) Тәжікстанда мұндай нормалар қабылданған, Синцзян-Ұйғыр автономиялық округінде де бар, осы мәселені реттейтін ережелер мен нормативтік актілер бекітілген. Бүгінде біз мұндай норманы қабылдамаймыз. Себебі қандай жағдай болса да бұл заңды іске асыру үшін заң аясындағы нормативтік актілер қажет. Құзырлы мемлекеттік органдар алдағы уақытта мұндай заңды іске асыру үшін қандай да бір қадамдарды қарастыруы қажет", - деді Оңғарбаев.

Ал осының алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу кезінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтты. Елбасы мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынған болатын. 

"Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді", - деген еді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, заң жобасының аясында адамның түр-кескінін тануға кедергі болатын киім киюге тыйым салу ұсынылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети