28 тамыз 2017 16:57

Дін туралы жаңа заң енгізілген соң кімдерге жабық киінуге рұқсат берілетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіндегілер бетті тұмшалайтын киімдерді киюге тыйым салу туралу заң енгізілген соң мұсылман елдердің азаматтары Қазақстанға қалай кіре алатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіндегілер бетті тұмшалайтын киімдерді киюге тыйым салу туралу заң енгізілген соң мұсылман елдердің азаматтары Қазақстанға қалай кіре алатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, дін мен діни қоғамдастықтардың мәселесіне қатысты заңнама аясында бетті тұмшалайтын киімдерді киюге тыйым салыну ұсынылып отыр.

Бірақ дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев баспасөз конференциясы аясында медициналық маскаларға тыйым салынбайтынын айтып өтті. Айтуынша, медициналық маскалар жұмыста техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін қолданылады.

"Елші келді делік. Халықарарлық заңнамаға сәйкес, қоғамда дипломатиялық иммунитеті (құқығы) бар адамдар бар. Елге келген елшілер дипломатиялық қызметкерлер ретінде келген болса, оларда дипломатиялық иммунитет болады. Сондықтан елшілерге қатысты ешқандай шара қолданылмайды", - деп түсіндірді Дін істері және азаматтық қоғам комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев.

Оңғарбаевтың айтуынша, осы нормалар жаңа заңда қабылданса шариғат заңдарымен өмір сүретін шетелдік азаматтар Қазақстан аумағында да елдің талабын орындайды. "Әрбір елдің өз заңнамасы бар. Қазақстанда осы нормалар қабылданса, дипломатиялық иммунитеті бар адамдардан басқалары біздің заңнамамызды орындауы қажет болады", - деді Дін істері және азаматтық қоғам комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Абзал Нүкенов белгілі бір діни киімдерге тыйым салатын заңды келеке етудің қажеті жоқтығын айтқан болатын. "Тыйымға қатысты Қазақстан ежелден толеранттығымен және бай дәстүрімен мақтана алатын. Заң біздің тарихи құндылығымызға кері әсер етеді деп ойламаймын. Қоғамда түсіністік болуы керек", - деген еді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети