30 қараша 2023 14:49

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевқа қатысты іс қайта сараланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысына қатысты Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қозғалған қылмыстық істің тергелу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысына қатысты Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қозғалған қылмыстық істің тергелу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өміралиев қылмыстық іс қай бап бойынша қозғалғанын түсіндірді.

"Бишімбаевқа қатысты аса қатыгездiкпен адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды. Оның туысы да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды - жасырғаны және қылмыс туралы полиция органдарына жеткізбегені үшін. Мен қазір ағасы немесе інісі екенін айта алмаймын. Оның туысы екені анық", - деді бас прокурордың орынбасары.

Осылайша, Өмірәлиевтің айтуынша, Биішбаевқа қатысты іс ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіруден", 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бабына ауыстырылды. Енді экс-министрге 20 жылға дейінгі мемрзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, сол күні оның жанында Бишімбаевтың туысы болған және ауыр қылмыс туралы полицияға хабарламаған.

"Сонымен қатар, ол бұл қылмысты жасыруға көмектесті", - деп қосты бас прокурордың орынбасары.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети