20 наурыз 2024 11:59

Самат Әбіш Қазақстаннан шықпауы керек - ІІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің шартты түрде сотталғаны туралы сұрақ қойылды. Бұл туралы ақпарат бұған дейін БАҚ-та пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тарихта алғаш рет осындай ұзақ қылмыстық жаза - 8 жыл. Біз ешкімнің 8 жылға шартты түрде сотталғанын таппадық. Оның шартты жазасы нені қарасытарады?", - деп сұрады журналистер министрден.

"Үкім мәселесі судьяларға. Бұл азамат пробациялық бақылауда. Тәртіп бар, оның кетуге құқығы жоқ. Яғни, шартты түрде тұрғылықты жері аумағында болып, тиісті рәсімдер жүргізіледі. Пробациялық бақылау тәртібі. Үкімде барлығы көрсетілген, яғни елден шықпауы, тұрғылықты жерінде қалуы (керек - еск.)", - деді Ержан Сәденов.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтар оқиғасы бойынша 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылғаны белгілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети