28 шілде 2016 16:22

Сейітқазы Матаевтың үйқамақта болу мерзімі екі айға ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сейітқазы Матаев. © Tengrinews.kz Сейітқазы Матаев. © Tengrinews.kz

Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевтың үй қамауында болу бұлтартпау шарасы екі айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласының Есіл аудандық №2 сотының үкіміне сілтеме жасап.


Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевтың үй қамауында болу бұлтартпау шарасы екі айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласының Есіл аудандық №2 сотының үкіміне сілтеме жасап.

"Сотталушы Сейітқазы Матаевқа, Әсет Матаевқа қатысты үй қамауында болу бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Үй қамауында болу шаралары Сейітқазы Матаевқа 2016 жылды 22 қыркүйегіне дейін, ал Әсет Матаевқа 28 қыркүйек 2016 жылға дейін созылсын. Сотталушыларға бұлтартпау шараларының орындалуы Алматы және Астана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (антикоррупциялық қызмет) департаменттеріне жіберілсін", - делінген сот үкімінде.

Осыған дейін Матаевтың мемлекеттік тапсырыстарды орындау барысында ақша жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментіндегілердің мәліметінше, "ҚазТАГ ХАА" ЖШС-мен және "Ұлттық баспасөз клубы" Қоғамдық бірлестігімен келісімшарт жасасқан. Департамент өкілдерінің хабарына қарағанда, тапсырыс берушілердің басты шарты мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын халыққа жеткізу мен сол туралы мәліметтерді жалпыға ашық түрде таралуына мүмкіндік беру болған, алайда бұл талаптар орындалмаған.

Еске салайық, Қазақстан журналистер Одағының басшысы, Ұлттық баспасөз клубының президенті бірнеше баптар бойынша айыпталуда: ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған. 

Прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының оған қатысты үй қамауына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қағанаттандырды. Адвокат Андрей Петров Матаевтың туыстарының кепілақының қажетті сомасын төлегенін және сондықтан тараптың Ұлттық бюроның өтінішін қабылдамай тастап, кепілмен босатуды сұрайтынын атап өтті. Алайда сот үй қамауына алу туралы шешім шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети