28 желтоқсан 2016 14:42

Ширек ғасыр депутат болған Тінікеев қандай бастамалар көтерген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Тінікеев. © Тұрар Қазанғапов Мұхтар Тінікеев. © Тұрар Қазанғапов

Бүгін депутаттар Мұхтар Тінікеевтің депутаттық өкілеттік мерзімін тоқтату туралы шешім қабылдады. Кеше Тінікеев өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берген болатын. Еске салсақ, Тінікеевтің депутаттық мандатынан айырылуына таяуда ол жайлы даулы видеоның Желіде жария болғаны себеп. 20 желтоқсанда таралған видеода Мәжіліс депутаты басқа бір депутатпен дөрекі сөйлесіп, шапалақпен ұрады. Роликте былапыт сөздер айтылады. Ал Тінікеевтің өзі бастапқыда бұл видеоның екі жыл бұрын әзіл екенін мәлімдеген, алайда Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның 2016 жылдың желтоқсан айының ортасында болғанын анықтады. Кейін Мұхтар Тінікеевтің жүрегі сыр беріп, аурухаға түскені де хабарланған.


Бүгін депутаттар Мұхтар Тінікеевтің депутаттық өкілеттік мерзімін тоқтату туралы шешім қабылдады. Кеше Тінікеев өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берген болатын. Еске салсақ, Тінікеевтің депутаттық мандатынан айырылуына таяуда ол жайлы даулы видеоның Желіде жария болғаны себеп. 20 желтоқсанда таралған видеода Мәжіліс депутаты басқа бір депутатпен дөрекі сөйлесіп, шапалақпен ұрады. Роликте былапыт сөздер айтылады. Ал Тінікеевтің өзі бастапқыда бұл видеоның екі жыл бұрын әзіл екенін мәлімдеген, алайда Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның 2016 жылдың желтоқсан айының ортасында болғанын анықтады. Кейін Мұхтар Тінікеевтің жүрегі сыр беріп, аурухаға түскені де хабарланған.

Ширек ғасыр депутат болған Мұхтар Тінікеев көптің есінде "халық арасынан шыққан" деген образбен қалды. Бұған оның қарапайым шахтер қызметінен бастағаны себеп шығар. Көптің аузында "БАҚ-пен жақсы қарым-қатынаста болған", "имиджі бар", "әрдайым тура айтатын", "Парламентте өте белсенді" деп сипатталған оның әрбір бастамасы әлеуметтік желілерде ұзақ талқыланып, көбінде қолдау тауып жүрді. Осыған байланысты ендігі экс-депутаттың көтерген, кейін қоғамда қызу талқыға түскен бастамаларына тоқталсақ.

Айыппұлды азайтайық

Депутат кезінде Тінікеевтің жол қозғалысы ережесін бұзғандарға салынатын айыппұлды азайту туралы ұсынысы қоғамда қызу талқыланып, бұл ұсынысқа әлеуметтік желі қолданушылары қолдау білдірген еді. "Айыппұл мөлшері жылда өсіп барады. Жұрттың жалақысы соған ілесіп үлгермеуеде. Сондықтан қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін және көлік нөмері кір болса салынатын айыппұлды жеңілдету керек. Күндіз шамды жағып жүру нормасын мүлдем алып тастаған жөн. Бұның жолдағы полицейлердің қалтасын қампайтқаннан басқа пайдасы жоқ", - деген еді мәжілістің экс-депутаты. Сондай-ақ, осы ұсынысымен қатар, ол күндіз шам жағып жүру, тізгінде ұялы телефонмен сөйлеспеу секілді даулы жол ережелерінің талай түсінбеушілік тудырғанын мәлімдеген.

24 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады?

Ал қыркүйек айында ол 2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасына енгізілген ең төменгі жалақы мөлшерін сынға алған болатын. Сол кезде Мұхтар Тінікеев 24 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады деген сұрақты министрлерге төтесінен қойған еді. "Ең төменгі жалақы мөлшері 24 459 теңге. 24 мың теңге деген не? Ең төменгі зейнетақы 28 мың дегенді түсінуге болады. Ата-анамызға көмектесеміз. Жалғызбасты қариялар тамақты аздау жейді, жастарға қарағанда. Ал 24 мың неге жетеді? Осындай мөлшерді бекіткен кезде неге сүйенесіздер? Көптеген жұмыс беруші салықтан жалтару үшін қызметшілеріне 70-100 мың теңге төлесе, оны ең төменгі жалақы мөлшерімен көрсете алады. Осы жалақыдан зейнетақы алымдары алынады. Жол ережесін бұзсаң, айыппұлы 20 мың теңге. Соны төлесе, қалған 4 мыңға қалай өмір сүреді?", - деп шамданған Тінікеевтің сөзі көптің көңіліндегі түйткіл болғанға ұқсайды, әйтеуір Желі қолданушылары бұл мәселені әрмен қарай іліп әкетті.

"ВКонтактені" жабайық

Экс-депутаттың барлық бастамасы халықтың біржақты қолдауын тауып отырды десек, қателесетін шығармыз. Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин "ВКонтакте" әлеуметтік желісін елімізде жауып тастау керек деп ұсыныс айтқан. "Соңғы оқиғалар кезіндегі жағдайларда, Фейсбук емес, ең алдымен "ВКонтакте" желісін я тежеу, я мүлдем тоқтату керек. Негізі барлық жөнсіз, мәнсіз және қауіпті бәлекеттің бәрі сонда" деп мәлімдеген Қариннің ұсынысы қоғамда қолдау да тапты, наразылық та болды. Осы кезде парламенттің депутаты Тінікеев "ресейлік сайтты елімізде жауып тастасақ, еліміздің экономикасы құрдымға кетпейтінін" айтып, қолдау білдірген. "Қазақстан үшін бұл Желіден алатын ешқандай жақсылық жоқ. Мәселен, Қытайда әлеуметтік желінің көбі жабық, одан ештеңе де бола қойған жоқ, ел дамып жатыр. Мұндай әлеуметтік желілерде педофилия, азғындық, суицид жайлы ойлар, деструктив тәртіп насихатталады" деп мәлімдеді депутат. Алайда бұл мәселеге қатысты пікір білдіргендер әлеуметтік желіні жабудың "ақылға қонымсыз әрекет" болатынын айтқандар көбейді. Ақыры бұл мәселенің арты сұйылды.

"Халықты тонау үшін жасалған заң"

Тінікеевтің бастамасы екіұшты пікір туғызған тағы бір мәселе Ұлттық банк төрағасының орынбасарының таныстырған "Коллекторлық қызмет туралы" жаңа заң жобасын талқылау кезінде болды. Мәжілісте ұзақ отырған Мұхтар Тінікеев бұл заңды "халықты тонау үшін жасалған" деп атады. "Біз рэкетизмді заңдастырып жатырмыз. Сіздер қазір халыққа қарсы заңды депутаттардың арқасында қабылдағыларыңыз келеді. Батыл болып, үкімет ұсынған заң жобасын бір рет болса да кері қайтарайық", - деп сынады ол жаңа заң жобасын. Алайда депутаттардың өзі ішінен банкирлерді қорғайтындар шығып, мәжілістегілердің өзара дауы жалғасты.

Мемтендердің тиімсіздігі

Тінікеев көтерген бастамалардың тағы бір есте қалғаны еліміздегі тендер мәселесі жайлы. Ол мемлекеттік сатып алу сатылымы тиімсіз қолданып жатқандығын айтып, мәселе көтерген еді. 

"2012 жылы мемлекеттің есебінен қаржыландырылатын жобалардың қымбаттауына 40 миллиард теңге қосымша қаражат жұмсалса, 2013 жылы ол 60 миллиард теңгеге жетті. Мен бұл жөнінде үнемі айтамын. Жобалардың қымбаттауы пара алу есебінен болып отыр. Бұл ешкім үшін құпия емес. Ал коммерсант не істейді? Ол тендер өткізетін шенеунікке 10-15 пайызын беруге мәжбүр. Сондықтан осындай жағдай туындап отыр. Неліктен бізде тұрғын үй қымбат? Өйткені, тағы біздің шенеуніктер пара алады", - деп мәлімдеген еді депутат. Бұл мәселеде қоғамда қызу талқыланып, депутаттың мәлімдемесі қолдау тапқан болатын. 

Ұлттық компаниядағылардың жалақысы

Осылайша, батыл мәлімдемелер жасаған депутат бір уақытта ұлттық компания қызметкерлерінің жалақысы туралы тақырыпты көтерген. Тіпті бір сөздерін ұлттық компания қызметкерлерін "байғұстар" мен "түкке тұрмайтындар" деп ашынған. "Ұлттық компанияларда жалақының жоғары болуы, ол жерде жоғары санатты мамандар жұмыс істейді деп қалай сендіруге болады. "Болашақтың" кешегі түлегі, жақын туыстары тағысын тағы, оларға тіпті World Class бассейні (бару - Автор) төленеді. Байғұстар, бір жарым миллион жалақы алып, көп жұмыс істеп қойыпты. Айтпақшы, Президент тапсырма берді емес пе: қарап, түкке тұрмайтын қызметкерлерді қысқарту туралы", - деп еске салған болатын Мұхтар Тінікеев Мәжілісте жиналған министрлер кабинетінің мүшелеріне.

"Мен сіздерге ондаған ақылды жігіттің, жастардың және тым жас еместердің тегін айтайын, олар 500 мың теңге үшін де жұмыс істеуге келіседі. Олар жазық далада қарғаларды өлгенше зорықтырады. Ал біз олар бір жарым миллион теңгеге жұмыс істеуге келіспейді деп отырмыз", - деп өз наразылығын жеткізген депутат Тінікеев қойылған сауалға жазбаша түрде жауаптың берілуі тиіс екенін де айтып, көптің көкейіндегі мәселені тағы бір қозғаған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети