05 шілде 2022 16:43

ШҚО-да тағы бір ауыл тұрғындары алтын өндіретін кәсіпорынға қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

ШҚО Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін компания қоршаған ортаны ластайды деген пікірмен мекемеге қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін компания қоршаған ортаны ластайды деген пікірмен мекемеге қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындардың ойынша, Quazar Energy ЖШС қызметінің салдарынан Сарыбұлақ өзені жойылып, жайылымдық жерлер бүлінген, енді олардың үй жануарлары қырылуы мүмкін.

"Сарыбұлақ өзенінен қалғаны осы… Ал бір кездері мұнда қарауыз болып, суатқа елік келетін. Демалыс күндері адамдар демалып, шомылып, күнге күйетін. Мұнда қызыл кітапқа енген өсімдіктер өсетін... Ал енді? Алтын өндірушілер келіп бәрін қазбалады. Біз жайылымдық жерлерімізден айырылдық, мал жайылатын жер жоқ. Екі апта бұрын екі сиырды союға мәжбүр болдым. Олардың өзеннен уланғанына сенімдімін", - дейді фермер Мұрат Мұқашев.

Фермер Мұрат Мұқашев.

Оны басқа фермерлер де қолдап отыр. "Қуандық" шаруа қожалығының басшысы Дәделхан Сәбитовтің айтуынша, биылғы көктемнің өзінде бірнеше ондаған малынан айырылған.

Алайда жергілікті әкімдік мал қырылуын алтын өндіруші компанияның қызметімен тікелей байланыстырмайды. Мұнда кәсіпорынның мың гектардан астам аумақта жұмыс істейтіні және кенді жууға су қажет болған соң жердің өзен бойында орналасқаны расталды.

"Мекеме тұрақты түрде салық төлеп отыр. Дегенмен тұрғындардың өзен ластануына қатысты шағымдарын қараусыз қалдырмаймыз. Осы орайда тағы бір тексеру жүргізу қажет екені туралы арыз жазамын деп ойлаймын. Өзеннің ластануына жоспардан тыс талдау жасасын", - деді Ұлан ауданының әкімі Ринат Құрманбаев жағдайға қатысты.

Сондай-ақ әкімдік кәсіпорын өкілдерінің рұқсат құжаттары тәртіпке сай екенін алға тартады, оның үстіне, сол кезде заң талабына сәйкес тұрғындармен қоғамдық тыңдаулар өткізілген.

Компания өкілдері де жағдайға түсінік берді.

"Иә, технологиялық процесс суды қажет етеді. Бірақ оған рұқсатымыз бар. Біз пайдаланған көлем үшін заңға сәйкес салық төлейміз", - дейді алтын өндіруші Quazar Energy ЖШС экологы Светлана Мұстафаева.

Десе де, бұл дәлелдер жергілікті фермерлер үшін жеткіліксіз. Халық компания қызметін тоқтатып, тексеру тағайындауды талап етіп жатыр. Бірақ олар жергілікті билікке де сенбейді, сондықтан Ертіс бассейндік инспекциясы мен экология департаментіне өтініш жазып үлгерген.

 

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысында мұндай оқиға болған. ШҚО Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары басқа алтын өндіруші компаниялар – Maraliha ЖШС, Maraliha Gold ЖШС және VSAM Prodaction ЖШС-нің қызметіне қарсылық білдірді. Олардың пікірінше, мекемелер аймақтың экожүйесіне орны толмас зиян келтіреді. Тұрғындар бірнеше рет БАҚ-қа жүгініп, барлық органға өтініш жазған.

"Барлық мәселені ескере отырып, тұрғындардың арыз-шағымдарын объективті шешу мақсатында Өскеменнен 300 шақырым жерде орналасқан ауылға бардым. Ауылда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, аудан прокуратурасы, сондай-ақ VSAM Prodaction ЖШС, "Восток PROMINVEST" ЖШС, "ГРК Maralicha-Gold" ЖШС кәсіпорындарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өтті. Нәтижесінде қатысушылар зиянды әсерін зерттеу және пайдалы қазбаларды өндіру технологиясының оңтайлы нұсқаларын әзірлеу үшін жерге орналастыру жұмыстарының барлық түрін бір айға тоқтату қажеттігі туралы біржақты пікір білдірді", - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Facebook-парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети