01 ақпан 2024 12:54

ШҚО-дағы мектепте бұрын сотты болған адамдар жұмыс істеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

ШҚО-да мектепте қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


ШҚО-да мектепте қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексін бұзу деректерін анықтады, қылмыстық тарихы бар адамдар кәмелетке толмағандардың қатысуымен еңбек қызметін жүзеге асырған.

"Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының талаптарына қайшы, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен 2 күзетші жұмыс істеді.

Сондай-ақ, психиатриялық бұзылуларға байланысты "Д" есебінде тұрған 1 адам (көмекші персонал) балалардың қатысуымен қызметті жүзеге асырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Прокуратура шаралары бойынша, білім беру ұйымдарында жұмысына жол берілмейтін адамдармен еңбек шарттары бұзылды, кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Заңнамада көзделген шектеулері бар педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат бергені үшін мектеп басшысы ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-5-бөлігінің 5) тармағы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети