16 қараша 2023 09:50

СҚО-да шенеуніктер 4,3 миллиард теңгені негізсіз жұмсамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер 4,3 миллиард теңге бюджеттік қаражатты негізсіз жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер 4,3 миллиард теңге бюджеттік қаражатты негізсіз жұмсамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттік қаражатты жұмсау саласында талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзуды анықтады.

"Қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы" ҚР Заңдарын талаптарын бұза отыра сомасы 2,5 миллиард теңгеге көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары ҚР Бюджеттік кодексінің талаптарына қарамастан ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген", - делінген хабарламада.

"Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңының талаптарын бұза отыра, осы бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген.

"Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар бұзылды, жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы әртүрлі жауапкершілікке тартылды, 19 мемлекеттік сатып алу бұзылды, ақырында сомасы 4,3 миллиард теңге бюджет сомасын жұмсаудың алды алынды".

Бюджеттік қаражатты жұмсау сұрағы қадағалау органының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети