21 қараша 2023 11:24

Смайылов: Қазақстан теміржолдары 60 пайызға тозған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанның теміржол инфрақұрылымы 60 пайызға тозғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанның теміржол инфрақұрылымы 60 пайызға тозғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр теміржол – көлік саласының және жалпы ел экономикасының күретамыры екенін айтты.

"Еліміз көптеген халықаралық бағыттар тоғысатын, тоғыз жолдың торабында орналасқан. Азия мен Еуропа арасында Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі жыл сайын өсеіп жатыр. Тек қана Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржолмен жүк тасымалдау өткен жылы 23 миллион тоннадан асты. Биыл бұл көрсеткіш тағы 22 пайызға өсті", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде жылжымалы құрам мен магистральдық желілердің тозу деңгейі шамамен 60 пайызға жетіп отыр.

"Шекарада жүктердің рәсімделуіне қатысты проблемалар бар, бұл транзит, экспорт және импорт көлеміне әсер етеді. Сондықтан, бизнес үшін құжаттарды барынша жылдам қарап, дайындап беретін "бір терезе" жүйесін құру қажет.

Барлық қызметтер жедел әрі бір мезетте, яғни синхронды түрде жұмыс істеуі тиіс", - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан ҚТЖ қызметіне қатысты көптеген шағымдар келіп түсіп жатыр.

"Бұл – пойыздардың үнемі кешігіп келуі, сервистің нашарлығы, ескірген вагондарға қатысты. Ал, бизнес болса вагондардың уақытында берілмеуін, ұзыннан-ұзақ келісу рәсімдерін айтып, шағымданып ждатыр. Осының барлығы бүкіл экономиканың дамуына кері ықпал етеді", - деді премьер-министр.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, премьер-министр Көлік, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, Шекара қызметі, "Қазақстан темір жолы" және "Самұрық-Қазына" қорына жыл соңына дейін жүктерді рәсімдеуді оңайлату мәселесін пысықтауды тапсырды.

"Қарау мерзімі кем дегенде 2 есе қысқаруы тиіс", - деді Үкімет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети