10 желтоқсан 2014 12:21

Сот Өтембаевтың босатылуына қарсы топтың шағымын қанағаттандырмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Өтембаев. ©azattyq.org Ержан Өтембаев. ©azattyq.org

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы алғашқы инстанцияның Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевты колониядан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешіміне келтірілген шағымды қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы алғашқы инстанцияның Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевты колониядан мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешіміне келтірілген шағымды қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, шағымды 12 адамнан тұратын топ, соның ішінде, марқұм саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы Рысбек те түсірді. Өткен аптада болған соңғы отырыста Ержан Өтембаевтың ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілгені анықталған еді. Сол кезде дәрігерлердің оған "жүрек жетімсіздігі" деген диагнозын қойғаны хабарланды. 

Бүгін жәбірленуші тарап Өтембаевтың денсаулық жағдайымен танысу үшін медициналық анықтамаларды көрсетуді сұрады. Отырыста жаза өтеушінің әлі де ауруханада жатқаны белгілі болды, оған "Жүректің ишемиялық ауруы" диагнозы қойылған.

 

Осы жылдың 7 қарашасы күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. Сот шешіміне Өтембаевтың өз жазасының үштен екісін өтеуі, оның мінездемесінің оң болуы, колония режимін бұзбағаны және түзеу мекемесі әкімшілігі тарапынан 16 рет ынталандыруға ие болуы ықпал етті.

8 жыл 8 ай жаза өтеген 59 жастағы Ержан Өтембаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы жылдың ақпан айында оның жазасын 20 жылдан 13 жылға қысқартқаннан кейін өтініш беруге мүмкіндік алған еді.

Еске сала кетейік, Өтембаев 2006 жылы қазақстандық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін сотталған болатын. Сот оны тапсырыс беруші деп таныған еді. Жеті жылдан соң - 2013 жылдың желтоқсанында ҚР Бас прокуратурасы тапсырысты орындаушы Рустам Ибрагимовтың кісі өлтіруге нағыз тапсырыс бергендерді атағанын айтты, олар халықаралық іздеуде жүрген Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети