Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ержан Өтембаев жүрек талмасымен ауруханаға жатқызылды

03 Желтоқсан 2014, 10:55
0
Ержан Өтембаев. ©azattyq.org
Ержан Өтембаев. ©azattyq.org

Қазақстан Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев жүрек ұстамасымен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі күн бұрын ол "жүрек жетімсіздігі" диагнозымен ауруханаға түскен. Сотта бұл туралы Ержан Өтембаев жаза өтеп жатқан колонияның өкілі Самат Кәкенов айтты. Оның сөзіне қарағанда, Өтембаев қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. 

Еске салайық, бүгін Астанадағы қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Ержан Өтембаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуына қатысты шағымды қарауы керек болған еді. Бұл шағымды бір топ адам, соның ішінде, марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы Рысбек те түсірген болатын.

Айта кетейік, осы жылдың 7 қарашасы күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қаулы шығарған болатын. Сот шешіміне Өтембаевтың өз жазасының үштен екісін өтеуі, оның мінездемесінің оң болуы, колония режимін бұзбағаны және түзеу мекемесі әкімшілігі тарапынан 16 рет ынталандыруға ие болуы ықпал етті.

8 жыл 8 ай жаза өтеген 59 жастағы Ержан Өтембаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы жылдың ақпан айында оның жазасын 20 жылдан 13 жылға қысқартқаннан кейін өтініш беруге мүмкіндік алған еді. 

Еске сала кетейік, Өтембаев 2006 жылы қазақстандық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін сотталған болатын. Сот оны тапсырыс беруші деп таныған еді. Жеті жылдан соң - 2013 жылдың желтоқсанында ҚР Бас прокуратурасы тапсырысты орындаушы Рустам Ибрагимовтың кісі өлтіруге нағыз тапсырыс бергендерді атағанын айтты, олар халықаралық іздеуде жүрген Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев болып шықты. Содан кейін Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай