07 қараша 2014 16:44

Ержан Өтембаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Өтембаев. ©azattyq.org Ержан Өтембаев. ©azattyq.org

Бүгін Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Өтембаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу туралы өтініші қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот өтінішті қанағаттандырды.


Бүгін Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Өтембаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу туралы өтініші қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот өтінішті қанағаттандырды.

"Сот Өтембаев Ержан Әбілқайырұлы жазасын толық өтеуге мұқтаж емес деп есептейді. Баяндалған жайттардың негізінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 453, 455-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қаулы етеді: Өтембаев Ержан Әбілқайырұлының мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу туралы өтініші қанағаттандырылсын. Өтембаев өтелмеген 4 жыл 2 ай 29 күн мерзімінен бұрын шартты түрде босатылсын", - деді судья Ербол Рахымбеков.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы жылдың ақпан айында 59 жастағы Ержан Өтембаевтың жазасын 20 жылдан 13 жылға қысқартқаннан кейін ол мерзімінен бұрын босатылуға өтініш беруге мүмкіндік алған еді. Ол қазақстандық белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін Астанадағы түзеу мекемесінде жаза өтеп жатыр. 

Сотта колония өкілі интернет-байланыстың көмегімен сөз сөйледі. Ол мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға кедергі жоқ екенін айтты, сотталушы Өтембаев түзелу жолына түсті, оның мінездемесі оң. Жаза өтеу уақытынан бері ол мұнда болу тәртібін бұзған жоқ, түрлі шараларға қатысқаны үшін оны колония әкімшілігі 16 рет ынталандыруға ұсынған. Қазіргі уақытта Өтембаев түзеу мекемесінде кітапханашы болып жұмыс істеп жүр. Бұл іс бойынша прокурор Талғат Бектұрсынов Өтембаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуына қарсылық білдірмеді. Оның айтуынша, сотталушы жаза мерзімінің үштен екісін өткерді - 8 жыл 8 ай.

Бүгінгі процеске колониядан Skype видеобайланысы арқылы Ержан Өтембаевтың өзі де қатысты. "Мен мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуға өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білдірдім", - деді ол. Отырыс барысында осы жылдың көктемінде оның әйелі қайтыс болғаны анықталды.

Сотқа Алтынбек Сәрсенбаевтың туған ағасы Рысбек Сәрсенбай да қатысты. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол ерте ме, кеш пе, соттың нағыз тапсырыс берушілерді жазалайтынын айтты. "Әзірше негізгі нақты тапсырыс беруші адам анықталған жоқ. Оның кім екені әзірше белгісіз, Өтембаев па, Өтембаев емес пе. Өтембаев - пайдаланылған материал, басқа ешкім емес. Егер ол біресе тапсырыс берушінің ролін, біресе азғырушының ролін алатын болса, өзінің ісі. Біз нағыз кінәлі адамдардың әшкереленіп, сотталғанын қалаймыз", - деді ол. Сот отырысы барысында Рысбек Сәрсенбай Ержан Өтембаевты мерзімінен бұрын босатудан бас тартуды сұрады, оның пікірінше, Өтембаев саясаткерді өлтіруге тапсырыс бергендердің кім екенін жақсы біледі. 

Еске сала кетейік, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев 2006 жылы 20 жылға сотталған болатын. Сот оны саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге тапсырыс беруші деп таныды. Жеті жылдан соң - 2013 жылдың желтоқсанында ҚР Бас прокуратурасы саясаткерді өлтіру туралы тапсырысты орындаған Рустам Ибрагимовтың нағыз тапсырыс берушілердің кім екенін айтқанын мәлімдеді.

2014 жылдың қаңтарында бұл іс бойынша сот қайта басталды. Ибрагимов сотта бұл операцияны Әлнұр Мұсаев (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы) жеке бақылауына алғанын айтты, ал Ержан Өтембаев сол кездегі жағдайдың құрбаны ғана болды. Іс материалдарына қарағанда, Өтембаев бұған дейін Ибрагимовке оппозиционерді ұрып-соғу туралы жоспарын айтқан болып шықты, мұны білген Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев жоспарды өзгерткен. Сөйтіп, Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісі оққа ұшты да, бұдан соң Ержан Өтембаев түрмеге отырды. Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевқа халықаралық іздеу жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети